Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиаев Ninety one әншісінің ата-анасына жауап берді

Сәкен Майғазиев Ninety one тобының әншісі Данияр Құлымшиннің (Bala) ата-анасына жауап берді. Бұған дейін Bala-ның анасы Әлия Қадырова мен әкесі Ақылбай Құлымшин «орынсыз сын айтты» деп шағымданып, Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Бесбаевқа ашық хат жолдаған болатын, деп жазады Stan.kz.

20766505_482755715434676_7015187010470019072_n

«Саламатсыз ба, Әлия ханым? Құлыншақтарыңыздың қуанышы құтты болсын! #ТоқсанБірТуралыТоғызПікір xэштегіндегі пікірім өзгерген жоқ. “Жұлдыз тв” монтаж кезінде сіздердің балапандарыңыздың видеосын қосып жібергені болмаса, “Ninety one” туралы әңгіме болған жоқ.

ТоқсанБірТуралыТоғызПікір пікірімнен кейін “91” туралы ешқандай сұxбат берген емеспін. Жігіттердің өнерін бағалаймын. Өз парақшама салып, ақталып, “сасытқым” жоқ. Түймедейді түйедей еткісі келіп аңдып отырғандар көп. Түсінгеніңізге раxмет. Алла жар болсын», – деп жазған Майғазив Bala-ның ата-анасына жолдаған хатында.

Өз кезегінде Әлия Қадырова «Музарт» әншісіне алғысын жеткізді.

«Сəкен Майғазиевтің менің ашық хатыма берген жауабы… Рақмет, Сəкен, жауабыңызға! Үлкенді сыйласаңыз – Алла Сізді сыйласын!» – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Махаббат деп осыны айт: Ақбота Керімбекованың жүрегін жаулау үшін күйеуі 10 жыл дайындалған (фото)

Қызылордада тағы бір Төреғали Төреәлі дүниеге келді (фото)

Мейрамбек Бесбаев қандай бағдарламаның тізгінін ұстады? (видео)

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Талқылау