Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыптыларды дуамен ажыратуға бола ма?

Ел арасында: “дуалап қойыпты”, “басын айналдырып алыпты”, “күйеуiн сиқырлап тастапты” дегендi естiп жатамыз. Бiреудiң күйеуiне екiншiсi тиiп, тiптi кейбiреудiң анасы, енесi, әпке-сiңлiлерi араласып, тәуiп жағалап, бiрiн-бiрi азғырып жүрген адамдар көбейе бастады.

1-1(5)

Кейбiреулер үйiнен ине, жастығының астынан тырнақ, жiппен оралған қуыршақ тауып алдық деп жатады. Расында, сиқырлау, дуа деген нәр­се бар ма? Оны кiмдер жасайды?

Көз тию, сиқыр, дуа деген нәрсе болған, оны жасаушылар қазiр де бар. Оны өзгелердiң бақытын көре алмайтын, соларға жамандық ойлайтын немесе табысқа оңай жете салғысы келетiн, Жаратушы Алласын ұмытқан терiс пиғылды күнәһар, Құдайдан безген адамдар жасатады немесе жасайды.

Сиқырлаудың ең көп тараған түрi – жұбайларды бiр-бiрiнен суытатын, жек көруге апарып, айырылыстыру. Мұн­дай сиқырдан емделу үшiн “Аятүл-күрси”, “Ықылас”, “Фәләқ”, “Нәс” сүрелерiн оқыған дұрыс.

Дуадан емделу үшiн не iстеу керек?

  1. Ең алдымен намазға мұқият болу керек. Өйткенi намаз – мұсылманның қорғаны.
  2. Күн сайын дұға жасау. Таңертең жасалған дұға кешке дейiн бәле-жала, кесiр-кесапаттан сақтайды.
  3. Жүйелi қарғыс жүйесiн, жүйесiз қарғыс иесiн табатынын ұмытпау керек.
  4. Тәуiп, балгер, сиқыршыларға емес, Аллаға сыйынып, көмек тiлеу керек.
  5. Отбасында мұсылманша өмiр сүру дәстүрiн қалыптастыруға тырысқан жөн.
  6. Әйел мен еркек Алла алдындағы өз мiндеттерiн дұрыс атқаруы тиiс.

Пайғамбардың (с.ғ.с) ха­дис­терiнде сиқырланған, дуаланған, көз тиген адамды емдеу жайлы амалдар бар. Ол үшiн ауырған адамға: “Азхибиль ба-с раббинас, ишфи әнтәш Шафи лә шифа иллә шифә-ук, шифә-ән лә юғадиру сақама. Я, Алла! Раббым! Жамандықты кетiр, Сен шипа берушiсiң, шипа бере гөр, Сенiң шипаңнан басқа ауруды қалдырмайтын шипа жоқ”, – деп дем салады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы дұғаны айтып өзiнiң сахабаларына дем салған.

Одан кейiн ауырған адамға: “Би-сми-лләхи, аркы-кя мин кулли шай’ин йу’зикя, ва мин кулли нафси (ау’айни) хасидин! Аллаху йашфи-кя, би-сми-Лляхи аркы-кя. Барлық қызғаншақ көзден немесе нәпсiден және саған барша зиян келтiрушi нәрседен Алланың атымен дем саламын. Алла саған шипа бередi, Алланың атымен саған дем саламын”, – дейдi. Осы дұғамен Жәбiрейiл перiште Пайғамбарымызға (с.ғ.с) дем салған.

«Жас Алаш»

Жіберіп алмаңыз:

Дуалаудың сиқырдан айырмасы: Магияның ақ-қарасы бола ма

Дуа қайтарушылардың өздері дуа жасайтындар ма?

Дуаны сиқырдың күшімен емдеуге бола ма?

Фокусы дұрыс шықпаған сиқыршы тікелей эфирде жүргізушінің қолын шегемен жаралады (видео)

Талқылау