Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркеш Шәкеев: Мен миллионер емеспін, Сафардың жабылмаған несиесі бар

Еркеш Шәкеев қоштасу рәсімін пайдаланып өзінің миллионер емес екенін айтты. Мұнымен қатар, жұртты қызғаныштан ада болып, жақындарын бағалауға шақырды.

3E0A9211

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Сафардың денесін жер қойнына тапсырмас бұрын әкесі мен достары, өмірлік ұстаздары оның ізгі қасиеттері туралы айтып, балалық шағындағы естеліктерін бөлісті. Барлығы оның көзі тірісінде жақсы адам болғанын тілге тиек етті.

Рәсім аяқталған соң имам жұрттың көзінше әкесінен “Сафардың мына жалғанда қарызы қалды ма?” деп сұрады. Әкесі “Балам ешкімге ешнәрсе қарыз емес. Ол адал өмір сүрді. Басында жабылмаған бір несиесі бар. Мініп жүрген көлігін өзім төлеймін деп несиеге алып еді. Бұл мәселені өзім жылдамырақ реттеймін” деп жауап берді. Бұдан кейін имам жиналған қауымнан марқұмды қарыздары үшін кешіруді сұрады.

Еркеш Шәкеев БАҚ өкілдері мен келушілердің көптігін пайдаланып мәлімдеме жасады. Ол өзінің жұрт ойлағандай миллионер еместігін айтты. Көпшіліктен Сафарды бай әкесінің арқасында сайран құрып жүрген баладай қабылдамауды өтінді. Бұлай айтуына кей басылымда жарияланған мақалалар мен әлеуметтік желідегі пікірлер себеп болған екен.

“Сафардың мінезі жайлы айтып әуре болмайын. Оның қандай адам болғанын суретіне қарап-ақ біле берсеңіздер болады. Мемлекетіміздің мұндай адамнан айырылып қалғаны өкінішті. Бізге Сафар секілді адамдар ауадай қажет. Достарым балаларына “Сафардан үлгі алыңдар” деп айтатын. Мені жақсы танитын жандар өмірде түзу жолмен жүріп, әрдайым табандылық танытатынымды біледі. Жер бетінде біреудің ала жібін аттап, қарыз да алып көрген емеспін. Нанымды адал тауып жедім. Бұл менің ғана емес, отбасымның да тірегі.

Сафарды үлкен өмірге дайындап, спорттық жарыстарға қатыстырдым. Білім алуына жағдай жасап, тіл үйреттім. Оның өмірі тым қысқа болды. Бірақ жұлдыздай бір жарқ еткені анық. Арамызда ешбір түсініспеушілік болған емес. Ұзақ отырып сырласатынбыз да. Ол маған өмірімнің мәнін табуға көмектесті.

Дәл осы сәтті пайдаланып әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыма қатысты мәлімдеме жасағым келіп тұр. Өзім ашып оқымасам да, кей адам мен басылым Сафар туралы жағымсыз дүние жазғанын естідім. Оны “Әкесінің арқасында өмір сүріп жүрген ерке ұл” депті. Жоқ, мен ешқандай да миллионер емеспін. Сафар көзі тірісінде де “Әке, жұрт сізді достарыңызға қарап миллионер деп ойлайды” деуші еді. Мен олармен ақшасы үшін емес, тек адамгершіліктері үшін ғана дос боламын ғой. Біз қарапайым отбасымыз. Әйелім Жанна азық-түлікті Магнумнен барып сатып алады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, миллионерлер дәл сондай жерге бара ма?

Ата-аналар, балаларыңыздың кіммен достасып жүргеніне назар аударыңыздар. Сафар соңғы кезде көптеген кездесуге барып, өзі бармау тиіс жерде жүрген болар. Бірақ оның шынайы достары алтын адамдар. Жандары жақсылыққа құмар балалар. Оны іздеуге көмектескендері үшін де көп рахмет. Тәулігіне 1,5 сағат қана ұйықтап, сүрініп-жығылғанша іздеді. Өмір осымен тоқтап қалмайды. Ол ары қарай да жалғаса береді. Отбасым мені ешнәрсе де сындыра алмайтынын түсінуі тиіс. Рас, өмірімнің мәні кеткендей күйде тұрмын. Күні кеше Элтон Джонның ақындарымен бірге ән жазып жатқан болатынбыз. Қазір соның барлығы қажетсіз болып қалғандай.

Менің басымдағы жағдай сіздерге сабақ болуы тиіс. Өмірде махаббаттан өзгесінің бәрі бекер. Осыны түсініңіздер. Қызғанышқа жол бермеңіздер. Біреуге деген қызғанышыңыз өзіңізге деген сый-құрметсіздігіңіз. Жуырда дін өкілдерінен Сафарға дұға оқуларын сұраған едім. Ол табылмаса да, қоғам тазалықтың не екенін түсінсінші деген ой тұрды. Менің дәл осылай айтуға құқығым бар. Өйткені бүгін мен өмірімде ең үлкен сабақ алдым, соққы алдым”, – дейді Еркеш Шәкеев.

Композитор өмірінде балаларының өліміне куә болудан қорыққан екен. Жұбайы екеуі осы күнге дейін төрт бала тәрбиелеген. Композитордың тұңғышын көзіне жас алмай шығарып салуы жұртты қайран қалдырды.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.


Жіберіп алмаңыздар:

Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі қалай өтті (фото)

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Талқылау