Еркемен бір ұшаққа отырған топ бүлдіршіндер «Қайда?» әнін айтып, елді шулатты (видео)

Жұма, 30 Маусым , 2017 14:47

Небәрі 20 күн бұрын жарыққа шыққан Еркенің «Қайда?» атты әнін бүгінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін айтып жүр. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жастар қауымы әншінің жаңа әніне түрлі каверлер орындап, Еркенің назарын аударуға барынша тырысуда.

еркемен бір ушакка отыргандар

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тіпті, қоғамдық орындарда тәртіп күзетшілеріне бағынбастан, ән шырқайтындар көбейген. Мәселен, бүгін Еркемен бір ұшаққа отырып қалған бір топ бүлдіршіндер борт қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, жол бойы әншінің әнін шырқап келген.

Қызықты жайттың видеосын желіге Еркенің өзі жүктеді.

“Өзім таңғы ұшақпен, ұйқым маған ренжіп, шашым быт-шыт боп отырсам, лагерден қайтып келе жатқан бүлдіршіндер самолётті басына көтеріп, ән айтып, көңілді бір көтерді! Стюардессаны да, басқасын да қақпай, өстіп ұшып келдік! Ақтау сәлем!”, – деп жазды әнші.

Ал оны көрген желі оқырмандары таң-тамаша болды. Көпшілік Еркеден асқан бақытты әнші жоқ екенін айтып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай дүйім жұрттың алдында анасынан ақша ұрлағанын мойындады

Жаз келісімен шомылу маусымын бастап, шешініп тастаған өнер иелері кімдер? (фото)

Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар