Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан шетелде Димаштың атымен мақтанып жүргенін айтты

Мысырда демалып жатқан Ерке Есмахан Геннадий Головкин мен Димаштың атын атағанда шетелдіктердің елең ете қалатынын айтты. Ол екі бірдей отандасының арқасында жат жерде мақтанып жүргенін тілге тиек етті.

ерке есмахан 190517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің айтуынша, мысырлықтар мен онда демалуға келгендер Қазақстанның қайда орналасқанын, қазақтардың кім екенін білмейді. Алайда Гена мен Димаштың есімін атағанда, жат жұрттықтар оларды бірден таниды екен.

“Мен сыртқа шыққанда, басқа ұлт өкілдері “мода” көргендей қарап отырады! “Қай елдің қызысың”, – дегенде: “Қазақстан” деймін! Сосын “қай жерде, қайда” деген сұрақтар басталады! Сол кезде “Гена мен Димашиді” айтсам, “а, иә, иә білеміз” деген кезде, ойбой өзінше боп қаласын ғой, шіркін!” – деп жазды Ерке.

Желідегілер де Димаш пен Геннадийді мақтан тұтатындарын айтты. Алайда көпшілік Еркенің жазуына емес, киіп алған киіміне назар аударғандай. Желі оқырмандарының бір тобы Еркенің ұзын етекті купальник кигеніне тамсанса, ендігілер бұл жерден де мін іздеп, әншінің мақтаншақ екенін айтып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі әр баласын құшақтаған сайын Қарақатқа ессіз ғашық болатынын айтты

Дана Нұржігіт: Димаштың өнерінен кейін көптеген әртістер ойланып қалды

Жүнісова күзетшілерді тексеру үшін, үйіне шабуыл жасалды деп қоңырау шалған

Бала күнінде көз жанарынан жартылай айырылған Серікбол жан жарасы туралы айтты

Талқылау