Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт: Димаштың өнерінен кейін көптеген әртістер ойланып қалды

Танымал тележурналист Дана Нұржігіт қазақ музыкасының қандай деңгейге дейін көтеріле алатынын көрсеткен Димашқа алғыс айтты. Ол санасы бар әртістердің Димаштан үлгі алатынына сенімді екенін мәлімдеді.

дана нуржігіт 180517

Бұл ойымен Дана Нұржігіт “Қазақстан” Ұлттық арнасының “Парасат майданы” бағдарламасында бөлісті.

“Әр сахнаға, жалпы мінбеге шыққан адам, мен шықтым екен, бір көрініп жұлдыз болдым екен деп емес… Ол – үлкен жауапкершілік. Сен соныңмен елге үлгісің. Тіпті, Ninety one тобын алайықшы. Иә, бұларға еліктеп, шашын бояп, шалбар емес, трико киіп шығатын жігіттер болады. Бірақ оның өзі жасына сай. Егер олар 50-де дәл осындай имиджбен шығатын болса, мен түсінбес едім. Черчилль айтады ғой: «Адам 15 жасында әлемді өзгертемін деп келсе, оны түсінуге болады. Ал 60 жасында әлемді өзгертемін дейтін болса, ол ақымақ», – дейді.

Димаш кешегі… Димаш өнер көрсеткеннен кейін көп әртістер ойланып қалды деп ойлаймын. Санасы болса… Әртіс деген осылай жүру керек, әртіс деген әнді осылай шырқау керек. Әртіс деген бүкіл әлемге қазақтың атын, мемлекетінің атын дәл осылай таныту керек және осындай деңгейдегі музыка сыйлау керек дегенді қайтарған Димашқа рахмет айтуымыз керек”, – деп пікір білдірді Дана Нұржігіт.

Жіберіп алмаңыз:

Жүнісова күзетшілерді тексеру үшін, үйіне шабуыл жасалды деп қоңырау шалған

Бала күнінде көз жанарынан жартылай айырылған Серікбол жан жарасы туралы айтты

Танымал арулардың көздің жауын алатын қазақы нақыштағы көйлектері (фото)

Аяққа тұрған Жазира Байырбекова қайта сахнаға шықты (видео)

Талқылау