Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: әркім өз өміріне қожайын болсын

Танымал әнші Ерке Есмахан біреу үшін өмірін де, өзін де өзгертпейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Мен-біреу үшін өмірімді өзертуге, өзімді өзгертуге мәжбүр емеспін!»- деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Бұл орайда желі қолданушылары оның сөзін құптап қана қоймай, қазақы образына тәнті болды. Үнемі тек қазақ тілінде жазатын Ерке Есмаханды мақтағандар көп.

«Әрине біреулер үшін өзгертуге міндетті емессің», «әркім өз қазанын сыпырсыншы», «өте сұлусың», «халық ерке қызының еркелігін көтереді»- деп жазды желі қолданушылары.

«Бұл-менің өмірім! Және әркім өз өміріне қожайын болсын!
Бақытты болыңыздар!» – деп түйіндеді сөзін әнші.

Алайда Есмаханды тек өзін ойлайтын өзімшіл деп сынағандар да бар.

«Өзіңді ғана ойлайсың», «Әлі шын сүйіп көрмепсің, сол кезде ойың өзгереді», «Кімге өкпелейсіз.Өз өміріңізді дұрыс құра алмаған өзіңізден көрмесеңіз,даладаға адамнан көре алмайсыз». «Балаң үшін де өзгере алмайсың ба? Өзіңді сүйгенің жақсы әрине, оған қарсылығым жоқ,бірақ балаң,ата-ана,бауырларың үшін де өзгеріп тұру керек, – деп жазды Еркенің сөзін жақтырмаған оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз: 

Ерке Есмаханның ғашығы оның төсегін гүлмен көмкерді (фото)

Ерке Есмахан “жүрегін от қылған” қызылордалыққа алғыс айтты (фото)

“Болашақ жары” Ерке Есмаханның суретін салып, өзіне табыстады (фото)

Ерке Есмахан өзі секілді Instagram-да белсенді әке-шешесін таныстырды

 

Талқылау