Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан өзі секілді Instagram-да белсенді әке-шешесін таныстырды

Ерке Есмахан жұртқа ата-анасын таныстырып, олардың да инстаграм желісінде белсенділік танытатынын айтты.

image

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде белсенділік танытатын жұлдыздардың қатарында Ерке Есмахан да бар. Ол тіпті желі қолданушыларына мағыналы жазбалар ғана жазамын деп уәде берген-ді. Бұл жолы әнші халыққа әке-шешесін таныстырды.

“Суреттегі менің әкем мен анам. Кейде балалық шағымды еске алсам, анамның басына қалпақ киіп, үстіне желмен бірге желбіреп тұратын көйлегін киіп, папама еріп қонаққа, киноға кетіп бара жататын сәттері анық есімде. Әкем қашан да жұмыста, үйде болса, бақшадан, ауладан өзіне жұмыс тауып алатын. Әлі де сол, қолы қалт етсе, аулада шеге қағып немесе бақша суарып жүргенді жақсы көреді.

Анам үй ішіндегі “ауа райын” әрдайым қолайлы етіп отырады.  Өзім ана болғалы ата-анамның қадіріне ешнәрсе жетпейтінін ұқтым. Менің баға жетпес асылдарым, қазір екеуі инстаграм парақтап, Ерке не жазды екен деп отырған болар. Осы жазбамды оқып отырсаңыздар, мен сіздерді шексіз сүйемін”, – дейді Ерке Есмахан.

Артынша әнші әке-шешесінің расымен инстаграм желісінде отыратынын айтты. Мұны естіген жұрт таң қалысты. Мұнымен қатар, олар Ерке Есмаханды әкесіне ұқсатты. “Қандай бақытты жансың! Анаң мен әкеңе ұзақ ғұмыр берсін! Алла жар болсын жанұяңа”, “Ата-анаң аман болсын! Ерке Пшәнайыңмен бақытты өмір сүріп, әніңді шырқай бер”, “Жүздеріңнен әрқашан күлкі кетпесін” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Метрода “үй киімімен” жүрген Ерке Есмаханды жұрт танымай қалды (фото)

Ерке Есмахан тыңдармандарынан қателіктерін бетіне баспауды сұрады

Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Талқылау