Ерболат Беделхан: Ninety One тобын шетелдіктер қаржыландырып отырған жоқ

Жексенбі, 23 Қазан , 2016 23:47

Ninety One тобын шетелдіктер қаржыландырып отырған жоқ. Бұл туралы Хабар телеарнасының «Компромат» бағдарламасында аталған топтың продюсері Ерболат Беделхан айтып берді.

DSC_5561_новый размер(1)

Бағдарлама барысында қонақтардың бірі Ерболаттың топты алып жүруге қаржысы бар дегенге сенбейтінгінін айта келе кім қаржыландыратындығын сұраған болатын.

“Дұрыс айтасыз, бізде коммерциялық тұрғыда мүлдем дұрыс дамымағанбыз. Себебі, бізде тойдың арқасында локальды тұрғыда музыка дамыды. Салыстыратын болсақ, Қазақстанда бүкіл әлемдік брендтің барлығы бар. Мәселен, өкінішке орай Орда тобының бренді Қазақстанның бірде-бір әртісіне сай келмейді”, – деді ол.

Осы ретте топ продюсері Қазақстан әншілері әлемдік әртістермен терезесі тең болуы үшін нақты жұмыс істеуі, әрекетке бару керектігін айтты.

“Жастардың музыкасын кім жасап жатыр? Біз бірінші болып шыққан кезде қандай сөздер еруде. Ал қаржыны концерттен табамыз. Біз 1 жылдың ішінде 6 қалада концерт бердік, әр концертке 2-2,5 мың адам келді. Ешқандай шетелден қаржы алып отырған жоқпыз. Тек өзімнің, жеке басымның қаражаты. 2 жыл бойы осы балаларды тәрбиеледім. Соңғы жылдары “фан сайн”, “фан митинг”, концерттердің арқасында ақшамызды қайтарып жатырмыз”, – деді ол.

Бұған дейін аталмыш топтың концерттері еліміздің бірнеше өңірінде өтпей қалды (Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған).  Бұған өз кезегінде сол аймақтағы адамдардың үлкен қарсылығы себеп болған еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық корпоративтік кештердің бірінде ер адамдар ішкиімдерін шешіп би биледі (видео)

Қазақстандықтар бір-біріне жаңадан пайда болған телефон алаяқтығы туралы ескертуде

Қазақстанда жұма күнгі жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Жақында ғана шыққан қазақстандық хит өзбек әнінен ұрланған болуы мүмкін (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар