Енді елімізде мектеп оқушылары заңды түрде ақша таба алады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды.

Бұл туралы Хабар-24 арнасы хабарлады.

Құжаттың ерекшелігіне тоқталмас бұрын, бүгін Мадина Әбілқасымованың министр ретінде Мәжіліс қабырғасында алғаш рет баяндама жасағанын айта кеткен жөн. Ал заң жобасына келсек, енді жұмыс іздеген азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады. Осыған дейін екі қолға бір күрек таппай жүргендер жұмыспен қамту орталығы мен электронды үкімет арқылы жұмыс іздеумен шектелетін.

Министрдің айтуынша, бұл азаматтардың қызметке орналасуын тездетеді. Ұсынылып отырған заң жобасы студенттер мен жоғары сынып оқушыларының қоғамдық жұмыстар аясында еңбек етуіне жағдай жасайды. Енді олар Еңбек кодексінде көрсетілгендей, жазғы демалыс кезінде ғана емес, оқудан бос уақытта да заңды түрде ақша таба алады. Жалпы, Мадина Әбілқасымова таныстырған заң жобасы 3 кодекс пен 5 заңға өзгеріс енгізуді көздейді.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде далада қалғандарды панасына алатын Аналар үйінде үйлену тойы болды (фото)

Қытайда қамалған қазақтардың туыстары көпшіліктен көмек сұрауда

Қазақстандықтар жаппай тілеуін тілеген 5 жасар Оразәлі қайтыс болды

Шымкентте студент жігіт үйсіздер мен көше тазалаушыларға тегін палау таратты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар