Шымкентте студент жігіт үйсіздер мен көше тазалаушыларға тегін палау таратты

Шымкентте 22 жастағы студент қаланың әлеуметтік қызметкерлеріне арнап 25 келі палау әзірлетіп, тегін таратты. Жастар қанатының белсендісі Айбар еріктілерді жинап, қаладағы мекеме күзетшілеріне, мектеп пен аурухана сыпырушыларына және үйсіз адамдарға тегін палау мен бауырсақ, сондай-ақ ыстық шай ұсынған.

Балалар 25 келі палау пісіріп, барлығын таратқан.

Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz хабарайды.

Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын струдент қайырымдылықпен бұрыннан айналысып келеді.Ол үнемі балалар үйіне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ қарттар үйіндегі ата-әжелерге барып, шамасы келгенше көмектесіп тұрады екен.

«Сонымен қатар, жас жігіт Брайль қарпімен соқыр адамдарға арналған кітап шығарған. Жақсылық жасағаныңды елге жариялаудың қажеті жоқ деген даналық бар емес пе? Бірақ қазіргі қоғамда жастардың осындай жақсылық жасап жүргенін қалай айтпасқа. Басқа да жастарымыз да осы балалардың жолын қуып, мейірімді болсын»,-дейді Жас Отандықтар.

Еріктілердің айтуынша, қайырымдылық күніне орай Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын тосын сый күтіп тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Байбек: Қай жағынан алсаң да, Алматы – қымбат қала

Атыраулық ақсақал есеп беруге келген әкімге өлеңдетіп ерекше бата берді (видео)

Сапарбаев: Жігіттер әке-шешесінің зейнетақысына, әйелінің жәрдемақысына өмір сүріп жүр

Жесір әйелді жасырын жыныстық қатынасқа шақырған діндар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар