Сапарбаев: Жігіттер әке-шешесінің зейнетақысына, әйелінің жәрдемақысына өмір сүріп жүр

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс іздеп, қызмет таңдайтын ер азаматтардың әрекетіне ренішін айтты. Сапарбаев бүгін халық алдында есеп беріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Өңір басшысы тұрғындардың сұрағын тыңдап, кейбіріне өз ойын білдірді. Әсіресе, жұмыс іздеп, қызмет таңдайтындар ер азаматтардың ісіне ренішін айтты. Оларға мүгедек болса да кәсіп ашып отырған Шахан Жолдыбаевты мысалға келдірді. Жас жігіт 100 жаңа есімнің қатарына қосылған екен.

Сонымен қатар, мүгедектердің басын қосып, олардың проблемасын билікке жеткізіп отырған Құралай Байменоваға рахмет айтты.

«Мүмкіндегі шектеулі азаматтар өмірге талпынып, жұмыс істеп жатқан кезде он екі мүшесі сау адам неге таңертеңнен кешке дейін жылай береді. Шахан Жолдыбаев республикаға танымал кәсіпкер. 100 жаңа есімнің қатарына еніп, Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Ауылға барсаң еңгезердей, он екі мүшесі сау азаматтар жұмыс жоқ деп жатады. Жұмыс бар, адамдар ерінеді. Мал бағуға болады. Ал олар «мал бақпаймын, мұнайшы болуым керек» дейді. Ата-бабамыз бізге мұнайшы бол деді ме? Қазақ 100 жыл бұрын мұнайшы болған жоқ. Қазіргі заманда жалқаулық белең алды. Кейбір жігіттер әке-шешесінің зейнетақысына, әйелінің жәрдемақысына өмір сүріп жүр. Соған кейбірі мәз болады. Әкем тағы 10 жыл жүрсе, әйелім көбірек бала туса деп айтады. Ол не деген сұмдық»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Тағы оқыңыз:

Жесір әйелді жасырын жыныстық қатынасқа шақырған діндар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған күзетшінің ерлігі жайлы фильм түсірілді

Оғыз Доған: Өзім түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тұрмысқа шығуына қарсымын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар