Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елтаңбаны ауыстыруға қанша ақша кетеді — Қаржы министрі жауап берді

Журналистер қаржы министрі Мади Такиевтен егер елтаңбаны өзгерту туралы шешім қабылданса оған қанша ақша кететінін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Тілшілер мұндай сұрақты үкімет отырысынан кейінгі брифингте қойды. 

“Елтаңбаны ауыстыру біраз уақыттан бері талқыланып жатқанын білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда осы мәселені талқылауды ұсынды. Ол қоғам оны қолдаса ары қарай талқылау керегін айтты. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылып, мәселені егжей-тегжейлі қарастырады. Оң шешім қабылданса шығындарға қатысты басқа сұрақтарды сол кезде қараймыз”, - деп жауап берді Такиев. 



Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда елтаңбаны өзгерту мәселесін қарауды ұсынған еді.

Талқылау