Елорда жастары Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнін тойлауды бастап кетті
Астанада кеше бір топ студенттер ұлттық ғашықтар күніне арнап флэшмоб ұйымдастырды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Қозы Көрпеш-Баян сұлу мерекесі елімізде соңғы жылдары үзбей өткізіліп келеді. Ешбір құжатпен белгіленбеген бұл күні астаналық жастар да “Қаражорға” билеп, осы күнді атап өтуге шақырды.
Танымал ақындардың махаббат туралы өлеңдері жазылған парақшаларды таратып, ғашықтықты насихаттауға тырысты. Шара соңында жастар махаббат белгісі ретінде қызыл шарларды аспанға ұшырды. Ал, бүгін Астана төрінде жаңадан отау құрған жас жұбайлар арасында түрлі байқаулар өткізілмек.
“Ең басты мақсаты жастар арасында Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнін тойлауды кеңінен насихаттау”, – дейді Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ардақ Жүсіпова.
Оқи отырыңыз:
Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады
Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты
Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады
Діни қызметкерлер ас беру кезінде жайылатын дастарханның мәзірін бекітті

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
