Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің жаңа президенті алғашқы сапарын Түркістаннан бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Еліміздің жаңа президенті алғашқы сапарын Түркістаннан бастады
Президент Түркістан жұртшылығын наурыз мейрамымен құттықтады. 

"Ең алдымен, баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз рухани бай мұрамыздың жарқын символына айналды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл мереке – халық бірлігінің негізі", - деді Тоқаев. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде Елбасының бізге табысты мемлекет құрып бергенін атап өтті. 

"Ол Қазақстанды әлемдегі озық елдердің қатарына қоса білді. Елбасының реформалары мемлекетті орнықты даму жолына шығарды.

Бүгін мен түркі дүниесінің рухани астанасы – Түркістанға тағзым ету үшін арнайы келдім. Осы киелі топырақта сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. 

Түркістан – еліміздің алтын бесігі, мәдениетіміз бен руханиятымыздың символы және бүкіл халқымыздың бойтұмары. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы және жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Президент ретіндегі алғашқы сапарымның Түркістаннан басталғаны мен үшін аса маңызды", - деді Тоқаев іс-сапар барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға сапары барысында Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне кіріп шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау