Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды
“Астана ЭКСПО-2017″ Ұлттық компаниясы” АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев пресс-конференцияда еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы қай жерге орналасатынын айтты.

Бұл туралы Zakon.kz. басылымы хабарлайды.
“Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды. Мұз айдыны да сол жерде болады. Барлығы біздің негізгі нысанымыз болып табылатын “Нұр Әлем” сферасының қасында орналасады. Шыршамен бірге, бұрын “Хан шатыр” сауда орталығының жанында орналасқан мұз қалашығы да сол жерге көшіріледі. Мұның бәрін Астана әкімшілігімен бірігіп істейміз” – деді ол.
Оның айтуынша, мұз айдынының ашылу салтанаты 11 қарашаға жоспарланған. Ал мұз қалашығы келесі айдың басында ашылады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан