Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жергілікті полиция қызметі таратылды

 Жарнамасы жер жарған тағы бір бастама құрдымға кетті. Бұл жолы басы даудан арылмаған жергілікті полиция қызметі тарап тынды, деп жазды КТК арнасы.

Енді оның орнына жаңадан полиция департаменті құрылмақ. Бюджеттің мол ақшасы жұмсалған реформа неге аяқсыз қалды? Ішкі істер министрлігі шаруаны неге мандыта алмады?

Ішкі істер министрлігі жергілікті полиция қызметін құрамыз дегенде,   депутаттар қарсы болған екен.

Бүгін олар  «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деп,  о баста ескерткендерін айтты.  Алайда, генералдар бой бермей, өз дегендеріне көндіріп, заңды бекітіріп алды. Енді екі жылдан соң  еліміздің бас полицейі Қалмұхамбет Қасымовтың қарамағындағылар «жаңылдық» деп, мәжілісмендердің  алдына қайта келді.

Айтуларынша, жергілікті полиция және Ішкі істер басқармасы  басшылары арасында  жік шыққан.  Яғни, екі мекеменің тізгінін ұстап отырған адамдар  бір-біріне бағынғысы келмепті.  Қызметтік кикілжің  жиілеп кеткен соң,  Ішкі істер министрлігі амалсыз полицейлерді қайта біріктірмек.

«Жергілікті полиция және ішкі істер органдарының басқармаларының арасында қайшылық фактілер де орын алды. Жергілікті полиция бөлімдер арасында  жасырын қақтығыстар болған.

Тіпті ауданның бастықтарының  облыстық, жергілікті полиция басшыларына  бағынбаған фактілер болған. Осындай жағдай Президент әкімшілігінің тексеру кезінде де расталған. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында.»,-дейді ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сондықтан,  жаңадан полиция департаменті құрылады. Оған жергілікті полиция бөлек бөлімше ретінде қосылмақ. Департаменттің басшысын облыс әкімі Ішкі істер министрімен келісіп тағайындайды.

Депутатар билігі күшейген аймақ басшылары қылмыстық іске  араласып,   тергеуге ықпал ете ме деп күмәнданып отыр. Яғни, бұрын тек жергілікті полицияға сөзі жүретін әкімдерге  енді полиция департаменті басшысы да бағынатын болады.

«Лауазымынан бостау құқығы берілген облыстың әкімі полиция жұмысына араласып отырады деген қауіп туындайды. Полиция  департаменті  Ішкі  істер  министрілгіне және әкімдікке қатысыты құзыретінің қалай шектелетінін нақтылап айтып берсеңіз?»,-деді  мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов.

«Тергеу жұмысы, криминалдық полицияның жұмысына араласпайды. Екі жыл бізде практика болды ғой. Жергілікті полиция болды. Әкімдер кіріспейді  ондайға.

Кодексте бар ғой, сонда бәрі жазылған. Прокурор мен сот қана. Әкім  ол жақта жоқ.»,-дейді ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Елімізде қазір 35 мың жергілікті полицей бар екен. Бұған дейін  жергілікті полицейлердің басшыларын  әкімдер  тағайындап келсе,  департамент басшысын Ішкі Істер министрі таңдайтын. Бүгін мәжілісмендер  бұл жаңа заңды бірінші оқылымда бекетіп берді.

Осы құжатқа сай   түрмеден  мерзімінен бұрын босап шыққандар ендігі жерде мүлдем   араққа жоламауы тиіс.

Егер сақшы  оларды мас күйде көрсе, үш рет ескерту жасайды. Шектен шыққандарға  қатысты қылмыстық іс қозғалады.

Тіпті түрмеге қайта тоғытылуы әбден мүмкін. Біз бостандықта жүрген сотталушыларды қалай бақылайтындарын  сұрап едік, Ішкі істер вице-министрінің ақпарат алатын адамдары дайын екен.

«Көршілер бар ғой. Айтады ғой, сотталған көршіміз бар деп.  Міне, екі-үш күн болды, арақ ішіп алып жатыр. Сосын, учаскелікке осындай вызов болғанда сонда кезекшілер барады.»,-дейді ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Негізі, бостандықта жүрген сотталушыларға түнде сыртқа шығуға, рұқсатсыз шекара асуға тыймы салынған.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі әкімшілік заң бұзғандарды қамау уақытын 3 сағаттан  24 сағатқа ұзартпақ. Өйткені, мәселен, араққа тойып алып, отбасында ойран салған адамды үш сағат темір торда ұстап, кейін үйіне жібергеннен  еш пайда жоқ дейді сақшылар.

Бөлімшеден шыққанда әлі мастығы тарқамаған  азаматтар үйіне барып,  қайта қырғынға басады, тіпті, әйелін өлтірген оқиғалар да болған.

Оқи отырыңыз:

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

Қарағанды облысының тұрғыны екі көзі бірдей көрмейтін ұлының Сирияға кетіп қалғанын айтып жылады

Елімізде жүргізушілер көлік нөміріне өз аты-жөнін жаздыра алады

1-сынып оқушысының зорлану оқиғасына қатысты Аружан Саин көпшілікке үндеу жариялады

 

 

Талқылау