Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде теріс ағым ұстанушылар имамға бағынбай мешіттерде төбелес шығарып жүр

Алланың үйінде төбелес шығаршыш «қысқа балақтыларға» кім тосқауыл қояды? Мазһабты мойындамай, мешітте дау шығаратын теріс ағым ұстанушыларына тосқауыл болмай тұр. Имамдардың айтуынша, олар діни басқарма шығарған пәтуаларға пысқырып та қарамайды.

Казахский паспорт

Тәртіпке салсаң, мешітте төбелес шығаруға дейін барады, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

Діннің атын жамылып, алла үйінде өз әмірін жүргізгісі келетіндер мешіт қызметкерлерінен неге именбейді?

Қоғамда оларды «қысқа балақтылар», «сақалдылар» дейді. Көбіне олар тар мешітте талтайып, кеудесіне қолын қойып, намазын оқиды да, тарап кетеді. Кейде өзінің ілімін дұрыс деп, имамдармен алланың үйінде дауласуға дейін барады.

Ал бұл Тараздағы мешітте болған діни көзқарастардың қақтығысы. Жанжалдың неден туындағаны құпия. Бірақ еңгезердей сақалды ер адамның құлшылыққа келген мұсылмандарды шетінен ұрып құлатқаны көрінеді. Жанындағылар жуан жұдырықтыдан қорықта ма, әйтеуір ешкім оның жолына кедергі болмапты.

Жаға жыртысады, кейде өзінің ұстазы айтқан ақпаратты мешіт қызметкерлеріне де үйреткісі келеді. Сөзге түсінбеген соң имамдар оларға арнайы уақыт бөліп, Ханафи мазһабында намаз оқудың қағидаттарын үйретуге мәжбүр.

Олардың біріне имам «Мен саған сиырға шоқын деп жатқан жоқпын, отқа шоқын деп жатқан жоқпын. Бірақ осы мешіт, ҚМДБ филиалы болып табылғаннан кейін бізге мына тәртіпті бекіткеннен кейін….» деп түсіндіріп әлек.

Әлеуметтік желілер мен видеопорталдарды ақтарсақ, мұндай оқиғалар жетерлік. Жуырда ғана Астанада орамал таққан әйелдердің бір-бірімен жаға жыртысқан бейнежазбасы пайда болған еді.

Әрине теріс жолға түсіп, адасқанның барлығына лағнет жаудырып, өзекке тебейін деп жатқан мемлекет жоқ. Биылдың өзінде дінтанушылар мен прокурорлар салафилік жолда жүрген мыңдаған адаммен сөйлесіп, біразының бетін бері қаратқанын мәлімдеген еді. Дінтанушы Махат Абдусаматтың айтуынша, мәселені үкімет деңгейінде шешпесе, салдарын тартуымыз мүмкін.

«Қазір әлемде, мәселен Сирияда не болып жатқанын білеміз. Соның барлығы осы сәләфизмнің зардабы. Тура сондай жағдай болмасын десек, бұл мәселені заңнама дәрежесінде, мемлекеттік деңгейде тоқтау қою керек» – дейді дінтанушы Махат Әбдусамат.
Дінтанушы бұған көрші өзбек елін үлгі ретінде алуға болатынын айтады.

«Көрші Өзбекстанда сәләфизм жоқ. Түбімен жоқ. Неге? Өйткені бұған мемлекет кірісіп, діндар қоғамды бір бағытқа салды. Бұдан олар ұтылып жатқан жоқ. Ең басты нәрсе бұл жерде қоғамның, елдің тыныштығы» – дейді дінтанушы Махат Әбдусамат.

Радикалды теріс ағымдарға арбалғандарды райынан қайтару жұмыстары кең қолға алынған. Дегенмен діни көзқарасты өзгерту жұмыстары өте ауыр.

«Егер жамағатта 20 адам болса, 10,12-ісін ана жамағаттан тартып алып шықсақ, бізге ол үлкен нәтиже. Ішінде 20-ның үшеу, төртеуі әбизәтельна қалады өз ойында, өзінің идеологиясында. Қандай аят, қандай сүре айтсаң да олар көнбейді» – деструктивті ағымдардың ықпалына түскендермен жұмыс жасау орталығының директоры Әлім Шауметов.

Еліміздегі салафизм ағымын ұстанушылар 15 мың адам. Бұл өткен жылы шыққан ресми мәлімет. Ал биылғы жылы қанша адамның санасы уланып, жат ағымның жетегінде кеткені беймәлім. Сондықтан имамдар бұл үлкен массаға айналып кетпей тұрғанда, олармен мемлекеттік деңгейде белсенді күрес жүргізу керек деп санайды.

Тағы да оқыңыз:

Діни киім киген сақалды бір топ адамның алдында екінші жігітті аяусыз ұрды (видео)

Василий Жиров Астанадағы мешітке келіп айт намазын оқыды (фото)

Салафиттік ортада танылған уағызшы өзінің қате ағымда болғанын мойындады (видео)

Талқылау