Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде Наурыз мейрамына орай бензин бағасы төмендейді

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Наурыз мейрамына орайластырылған акцияның басталғанын хабарлайды: 14 наурыздан бастап АИ-92 маркалы бензин бағасы төмендеді, енді оның бір литрі – 118 теңге, деп жазады BNews.kz.

benzin

Сурет: energonews.kz 

«14 наурыздан бастап «ҚазМұнайГаз» ЖЖС-ның барлық желісінде АИ-92 маркалы бензин құны төмендетілді, енді оның бір литрі 118 теңгеге сатылады. Сондай-ақ 1 наурыздан бастап ЖЖС желісінде клуб картасы бар жүргізушілерге жеңілдік жасалатынын хабарлаймыз.

Айына 150 литрге дейін жанар-жағармай сатып алған жағдайда клиент Standard деңгейіне және жеңілдікке ие болады – бір литр үшін 1 теңге, ал айына 150-ден 349 литрге дейін Silver деңгейі мен жеңілдік –литріне 2 теңге, ал бір айда 350 литрден көп болса Gold деңгейі мен жеңілдік ұсынылады – литріне 3 теңге», – деп мәлімдеді компаниядан.

Бұған қоса, 31 мамырға дейін 300 литрден кем емес көлемде жанар-жағармай сатып алған клуб карталарының иелері құнды жүлделер мен үш автокөлік ойнатылатын ұтыстарға және акцияларға қатыса алады.

Бұған дейін көктемде бензин бағасының қымбаттайтыны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау