Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға өсуі мүмкін

Елімізде үш бірдей мемлекеттік органда мемлекеттік қызметкерлерге ақша төлеудің жаңа жүйесі пилоттық режимде енгізілмек. Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимованың айтуынша, жаңа жүйе қызметкерлердің жұмыс нәтижесі бойынша енгізілетін болады.

8470

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Оның айтуынша, жұмыс тәжірибесі мен қызметтік категориясын ғана есепке алатын ескі жүйенің орынын жаңа ыңғайлы жүйе ауыстыруы тиіс. Жаңа жүйе бойынша қызметкердің мемлекеттік органға тигізген пайдасы мен еңбек өнімділігі есепке алынып, сол бойынша жалақы төленеді. Қазіргі кезде сәйкес әдіснамалар сақадай сай, ал жоба келер жылдан бастап сыналып көрмек.

Жаңа жүйе негізгі екі кезеңнен тұрады: тұрақты және ауыспалы. Біріншісі лауазымға байланысты. Ауыспалы бөлігі жасалған жұмысқа байланысты бонус қосуды қарастырады. Бонустар мемлекеттік қызметкердің бір жылдық жұмысын бағалау негізінде жылына бір мәрте төленеді.

“Барлығы төрт категория бар: үздік, өнімді, қанағаттанарлық және тиімсіз. Бонусты “үздік” және “өнімді” жұмыс істегендер алады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың жалақы төлеу жүйесінде үлкен айырмашылық бар. Әзірге алдын ала есептеуіміз бойынша жалақы мөлшері 50 пайыздық межеден асуы тиіс”, – деді Шаимова.

Ал пилоттық жобаны келер жылы қабылдап көретін үш орган мыналар: мемлекет басшысына есеп беретін мемлекеттік орган, екіншісі – әділет министрлігі, ал үшіншісі – Алматы облысының әкімдігі.

Оқи отырыңыз:

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Талқылау