Елімізде ет бағасы 2300 теңгеге дейін қымбаттайды

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 13:03

Елімізде ет бағасы қымбаттап, базарда бір келісі жеті доллардан, яғни 2300 теңгеден сатылуы мүмкін.

купить-мясо

Баға өседі деген ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі де растады, деп хабарлайды 31 арна.

Ал Үкімет ең өтімді сиыр етін еліміздің 9 облысынан Қытайға жіберуге сақадай сай отыр. Жылына Ресейге 60 мың тонна ет экспорттамақ болған еліміз, енді Қытайға бет бұрып, оларға 50 мың тонна сатуды жоспарлап жатыр.

Етті экспорттауды ұзақ жылдар жоспарлаған Үкіметтің үміті жақын күндері ақталатын сияқты. Бүгін премьердің алдында баяндама жасаған Ауыл шаруашылық вице-министрі Қайрат Айтуғанов тоңазытылған сиыр етін Қытайға жіберуге кедергілердің жойылғанын жеткізді. Яғни, еліміздің 9 облысынан мал шаруашылығы өнімдеріне аусылға қатысты шектеу алынып, 5 өңірде вакцинациялау жүргізілуде. Енді екі ел арасындағы келісім аяқталса, жылына елімізден 50 мың тонна сиыр еті Қытайға жөнелтіле бастайды.

Алайда, ел ішінде мал өнімдерін экспорттау басталса, еттің бір келісі 7 долларға, теңгемен шаққанда 2300 теңгеге деген сыбыс шыға бастады. Бүгін осы ақпаратты ауыл шаруашылығы вице-министрінің өзі растады. Және шенеунік баға өссе мал өсіретін шаруалар да қуанады деп отыр.

“Жеті доллар деген ақпаратты мен де естідім. Ол ішкі нарықтағы, бөлшек саудадағы баға болуы мүмкін. Ондай көтеріңкі баға болса, тауар өндірушілер қуанады”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбеков.

Бағаның қымбаттайтынына шаруа қожалықтары қуанғанымен, сатушылар қуанып тұрған жоқ. Қазірдің өзінде базарда қымбатшылық, малдың құны аспандап тұр. Ал, экспортқа шығарсақ ішкі нарықта жетіспеушілік болып, ет шарықтап кетеді деп қауіптенеді.

“Ол қытай еліміздің етінің дәмді екенін білсе, бізде ет қалмайды. Сонда ет деген шарықтау шегіне шығады. Сонда біз халыққа қандай бағамен сатамыз? Халық сонсыз да мына бағаның өзі қымбатқа соғып отыр”, – дейді сатушы Нұркенже Жұбаналықызы.

Ал, Қытайға ет қандай бағамен экспортталатыны да әзірге белгісіз. Шенеуніктер өнімнің құны екі жақтың келісіміне байланысты болмақ деп отыр. Және етті тексеретін зертхана, жеткізетін көлік шығыны мен қосалқы салығы да есепке алынуы тиіс.

Тағы да оқыңыз:

Ресейде бұзақылар Мәншүк Мәметованың ескерткішін ойрандаған

Бекболат Тілеухан министрге: Ісіңізді жақсы білгеннен кейін сөйлете бергіміз келеді

Алматыда 23 жастағы ана үшемді өмірге әкелді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар