Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде бұзақылар Мәншүк Мәметованың ескерткішін ойрандаған

Ресейде бұзақылар Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішін ойрандапты.

Ресейде бұзақылар Мәншүк Мәметованың ескерткішін ойрандаған

Пулеметші қыздың ескерткішіне аяқпен шығып, мазақ еткен Ресей жастары ол видеоны желіге жүктеген. Ал Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұзақылардың анықталып, жауапқа тартылуын заң орындарынан талап етіп отыр.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде асқан ерлік көрсетіп, өзі қорғаған Невел қаласында қазақтың батыр қызына 1978 жылы ескерткіш орнатылған. Мәншүк Мәметованың сүйегі де Невел топырағында жатыр. Тіпті, пулеметші қыздың атына көше де берілген.


Тағы оқыңыз: Мәншүк Мәметова: қазақтан шыққан әйгілі пулеметші қыздың өмір жолы

Талқылау