Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде Димаш жайлы кітап жарыққа шықты

Белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржан Димаш Құдайберген жайлы эссе-кітабын жарыққа шығарды.

18194821_1312167945497751_5833433976332320330_n

Бұл туралы автордың өзі Facebook-тегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Музыка туралы тек музыкатанушылар жазсын деген ереже бар болса, мен ол ережеден кешірім сұраймын. Димаш жандүниеміздегі жансыз қалған дүниелерімізді қозғап жіберді. Біз Димашты тыңдай жүріп, ән тыңдаудың да жаңа орбитасына көтерілдік. Имидж жайлы жақ ашпаған кезеңдерімізде қанша нәрсе жоғалттық өзі? Димаштың имиджі жайлы жазбау мүмкін болмай қалды. Біз тіпті көрермен туралы бір ауыз әңгіме айтпаппыз. Басқа халықтың көрермені көрермен сияқты да, біздің қазақтың көрермені солардың көрерменіне қол соғушы сияқты. Ендігі жерде олай болмайды.

18119529_1312167915497754_5131052375324029306_n

Залда отырған мына Сіз де, сол залдан шығып бара жатқан Ол да өнерге қанат бітірген құдыреттер. Димаштың өнеріне қол соққан қол шапалағымыздың үні күллі әлемді жалт қаратқандай. Біз тіпті Димаш арқылы өзімізді басқаша сезіне бастадық.

Ал Димаштың өзі шеберлігін қалай шыңдады? Жас таланттарды қабілетін сындырып алмай, шеберлік шыңына жеткізуге бола ма? Менің «Димаш» атты эссе-кітабым осы және басқа да мәселелерді қозғады. Ой қосып, пікір бөліскен Димаштың ата-анасы Қанат пен Светланаға зор алғысымды айтамын. Бұл жаңа туындым өлең емес, эссе. Жоғарыда айтылған мәселелерді қозғаған жаңа стильдегі дүние. Оқимын десеңіз – мархаббат. Таяу күндері «Меломан», «Flip.kz» кітап сауда желісі арқылы сауда орындарына түседі. Мұндай желідегі дүкені жоқ қала, ауылдардағы оқырмандарым фейсбук, инстаграм желілері арқылы жекеге өзіме хабарласса болады, көмекші қыздарым сатуды ұйымдастырып жатыр”, – дейді автор.

18193879_1312177732163439_1755832610030701279_n

Жіберіп алмаңыз:

Қытай қыздары Димашты сағынып жүр

Жеңіс Ысқақова Димаштың Қазақстанда қалуына қарсы шықты

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Талқылау