Елімізде депутаттардың жалақысы көтерілмек

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 13:26

Әскерилер, ішкі істер органдарының қызметшілері мен депутаттардың жалақысын көтеруге биылғы жылы 33,1 миллиард теңге қарастырылған,деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Үкімет отырысында Бақыт Сұлтанов 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik

“Нақтылаудың негізгі факторлары 9 айдың қорытындылары көрсеткендей макроэкономикалық жағдайлардың тұрақтылығы, Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету қажеттігі және бюджет қаражатының игерілмеу қаупі бар іс-шаралардан экономикалық өсу мен өңірлердің нығаюына оң әсерін тигізетін және даярлығы жоғары деңгейдегі іс-шараларға қайта бағыттау болып отыр”, — деп баяндады Сұлтанов.

Айтуынша, макроэкономикадағы оң үрдістердің нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлігінің 60,8 миллиард теңгеге асыра орындалған. Бұл ретте кірістердің жалпы өсімі 195,3 миллиард теңгені құрайды.

“2017 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған түсімдері 9 691,5 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 18,7% құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары 2017 жылы 11 191,5 миллиард теңгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан 15,1 миллиард теңгеге көп”, — деді министр.

Министрдің сөзіне қарағанда, бюджеттің шығыс бөлігінің өзгеруі үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылған.

“Бірінші, мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын және еліміздің халықаралық міндеттемелерін 89,4 миллиард теңгеге үкімет резервін қысқарту және кірістердің асыра орындалуы есебінен іске асыру. Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының қызметшілері мен депутаттардың жалақысын көтеруге 33,1 миллиард теңге көзделген. Қол жеткiзiлген екіжақты және ратификацияланған келiсiмге сәйкес, қырғыз республикасына техникалық жәрдем көрсетуге 14,1 миллиард теңге  қарастырылған. “Назарбаев Университеті” дербес білім беру ұйымына нысаналы салымды ұлғайтуға 22,2 миллиард теңге қөзделген.Көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізуге және Экспо аумағында офистер дайындауға 20 миллиард теңге сомасында қаражат көзделген”, — деді Сұлтанов.

“Екінші, шығыстарды қайта бағыттау Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар шеңберінде 73 миллирад теңге сомасында және басқа жобалар мен бағдарламалар бойынша 167,2 миллиард теңге сомасында жүргізілетін болады. Ұлттық қордан берілетін трансферт шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің жобаларын лизингтік қаржыландыруға 20 миллиард теңге, құрық паромдық өткелінің құрылысын аяқтауға 16,8 миллиард теңге және қазақстандық өндірістегі жеңіл автокөліктерді кредиттеуге 10 миллиард теңге көзделді”, — деп қосты министр.

Басқа жобалар мен бағдарламалар шеңберінде қайта бөлу 167,2 миллиард теңгені құрады. 104 миллиард теңге сомасындағы игерілмеген бюджет қаражатын көлік инфрақұрылымын дамытуға, жылу энергетикасына, өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасына қайта бөлу ұсынылып отыр.

Тағы да оқыңыз:

Таңға дейін қонақүйде бірге болды: “Хан Шатыр аруы-2017” байқауының қатысушысы дау болған видеоны түсіндірді

ОҚО облыстық жанармай қауымдастығының төрағасы бензин бағасын 220 теңгеге көтеруді ұсынды

Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар