Елімізде ауа райы күрт өзгереді деп күтілуде
Синоптиктер алдағы үш күнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл тұрады деп отыр. Кейбір өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ жаууы да ықтимал, деп хабарлайды КТК.

Сөйтіп, шілденің аптап ыстығының беті қайтатын сияқты. Әсіресе, еліміздің солтүстігінде жауын-шашын көбейіп, жел тұрады. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы +18-23 градусты көрсетеді.
Бір ай бойы түні қапырық, күні ыстық болған Батыс, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да күн райы өзгереді. Тұрғындардың мазасын енді соққан дауыл мен жауған бұршақ алуы мүмкін.
Ал Астанада айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Алматыға жауын тек аптаның соңыда жауады. Қызылорда облысында дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде.
Оқи отырыңыз:
Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті
Бахрейннен оралған бойжеткен күйзеліске түсіп, психологиялық соққыдан төсек тартып қалған
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі