Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бахрейннен оралған бойжеткен күйзеліске түсіп, психологиялық соққыдан төсек тартып қалған

Оның әкесі қызымды Бахрейнге барып өзім алып келдім деп мәлімдеді, деп хабарлайды КТК.

3c3d450fbec77b6c1b22fa68f5e63d27-2-350x260

Бірақ қызының бөтен елге қандай себеппен барғанын, кімдердің қолында болғанын айтудан бас тартты.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов, Тагинаның күйзеліске түсіп, ауыр психологиялық соққыдан төсек тартып қалғанын айтады. Құзырлы вемдомство қыз өзін Бахрейнге жұмысқа шақырған азаматтарға шағым жазса, оны елшілік арқылы шет мемлекеттің тиісті органына жолдаймыз деп отыр.

Бұған дейін 24 жастағы отандасымызды белгісіз біреулер құлдықта ұстап отыруы мүмкін деген болжам айтылған болатын. Оған аталған елде жезөкшелікпен айналысуға мүжбүрленген келесі бір жерлесіміздің Тагинаның анасына жіберген хабарламасы себеп болды. Еске салсақ, астаналық Тагина Хайтметова ата-анасын ескертпей, Бахрейнге жұмыс іздеп барып, елге қайта алмай қалғанды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде қарбыз сатып тұрған жерінен көлікке мінгізіп әкеткен жігіт табылмай жатыр

Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқандардың зейнетақысы екі есе артады

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Талқылау