Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде АИ-80-ді өндіру мүлдем тоқтатылмақ

АИ-80 жанармайына сұраныс аз, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Бұдан былай АИ-80 бензинін ГАЗ, УАЗ секілді көліктерге, әскери көліктерге құяды. Одан бөлек тапсырыс болса, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығына пайдаланады. Қазіргі уақытта кей кәсіпкерлер АИ-80  АИ-92 жанармайымен араластырып сататын көрінеді. Сол себепті АИ-80 бензинін өндіру мүлде тоқтатылмақ.

“АИ-80 тек әскери бөлімшелердің арнайы тапсырысы бойынша ғана  өндіреміз. Қазір онсыз да бұл марканы  отандық зауыттар  шығармайды.  1 қаңтардан бастап жанармай бекетерінде сатылмайды. Себебі, оның сапасы экологиялық талапқа сай келмейді”, – дейді Энергетика министрілгі Мұнай өнеркәсібінін дамыту департаменті  басшысының орынбасары Сәтжан Кәрімов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау