Елімізде “7-20-25” бағдарламасы бойынша үй алғандар айына қанша ақша төлейді

ҚР ИДМ Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жаңа бағдарламамен баспана алатындар ай сайын банкке қанша төлеп тұратынын есептеп берді.

Комитет төрағасы “7-20-25” бағдарламасы іске қосылғаннан кейін, құрылыс пен кредит көлемі артатынын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik.

“Егер пәтер 7 миллион теңге тұрса, кредит сомасы 5 миллион 600 мың теңгені құрайды. Ай сайынғы төлем 40 мың теңге шамасында. 20 миллион теңгенің пәтері болса, алғашқы жарна – 4 миллион теңге. Кредит сомасы – 16 миллион теңге. Ай сайынғы төлем 113 мың теңге. Пәтер 15 млн теңге тұрса, кредит сомасы 12 миллион, отбасы ай сайын 84 мың теңге төлеп тұрады. 12 миллион теңгенің пәтері болса,  кредит сомасы 9 миллион 600 мың.  Ай сайынғы төлем  68 мың теңгені құрайды”, — деді Жайымбетов президенттің “бес әлеуметтік бастамасын іске асыру” жөнінде өткен дөңгелек үстелде.

“Барлық өңірде құрылыс салынады. Тұрғын үйге қатысты тапшылық болмайды”,- деді ол.

Тағы оқыңыз:

Қарағандыда көлік жүргізушісі жүкті келіншекті қағып өлтіріп, қашып кетті

11 жасымда анам қайтыс болды: «Қазақстан аруы» қатысушысының әңгімесі елді жылатты

Алматыда жалаңаштанған ер адам көшедегі көліктерге жол бермей, қиратпақ болды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар