Елеусіновтің бапкері боксшының кәсіби рингтегі алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді

Қазақстандық танымал бапкер әрі Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әкесі Марат Елеусінов боксшының кәсіби рингтегі алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді.

Елеусіновтің бапкері боксшының кәсіби рингтегі алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Данияр Елеусінов Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті жеңген еді.

«Бәрі жақсы болды. Әрине, жекпе-жек мұншалықты жылдам аяқталады деп жоспарламадық. Себебі жекпе-жектің қалай өтетінін болжауға келмейді. Өз тәсілімен жұмыс істеп, соққыларды жібермеуді, өз сәтін күтіп, соққы беруді жоспарладық. Біз Қазақстандағы жаттығу кезінде жақсы жұмыс істегенімізді ескеру керек. АҚШ-та болғанымызға бір апта да болған жоқ. Сондықтан, менің ойымша, бәрі дұрыс», – дейді Марат Елеусінов.

Оның сөзінше, ертең Данияр Елеусінов Флоридаға аттанып, маусым айына жоспарланған келесі жекпе-жекке дайындықты бастайды.

Оқи отырыңыз:

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтып берді

Нью-Йорктегі қазақ полицейі спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Халықаралық бокс федерациясы Головкинге шарт қойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар