Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шықты

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығып, 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске  жетіп, жартылай финалда Юлия Путинцевадан басым түскен белорусиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнады. Үш сетке созылған матчта отандасымыз әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын  6:4, 0:6, 7:6 ұтып, алтын жүлдеге таласуға мүмкін алды. Рыбакина финалда Екатерина Александрова (Ресей) мен Даниэль Коллинз (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.   

Айта кетейік, Майамидегі WTA 1000 турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен 96 спортшы қатысып, 9 миллионға жуық АҚШ долларын сарапқа салып жатыр. 

Талқылау