Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметов пен Зульфия Ғабидуллинаға пәтер кілті табысталды (фото)

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов пен паралимпиадалық чемпион Зульфия Ғабидуллинаға пәтер кілтін алды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

20170601193222

Пәтер кілтін спортшыларға Тараз  қаласының әкімі Рүстем Дәулетов табыстады.

«Еліміздің «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы Олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етті, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде. – Осы мақсатқа республикалық бюджеттен екі пәтер сатып алуға 19,8 млн теңге қаражат бөлінді».

20170601193155

Рүстем Дәулетовтың айтуынша, Зульфия Ғабидуллина алаңы  81,8 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер, Елдос Сметов – алаңы 61,9 шаршы метр 2-бөлмелі пәтер алды.

Таяуда салынған үш қабатты тұрғын үй облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Мұнда компания шағынаудан салады, онда «жасыл аймақ», сауда орталығы, балалар алаңдары, спорт құрылыстары болады.

20170601193032

«Спортшыларға осындай құрмет көрсеткені, қамқорлық жасағандары үшін өзімді бақытты санаймын!   – деді Зульфия Ғабидуллина. Бүгін керемет мереке   – Балаларды қорғау күні – бізге ерекше сыйлық табыс етілді. Үлкен рахмет!».

Айта кетейік, қазақ дзюдошы Елдос Сметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Зульфия Ғабидуллина – паралимпиада  чемпионы, жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 12 дүркін рекордшысы.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан FIFA рейтингінің алғашқы жүздігіне оралды

Қақпашы екі гол жіберіп алған соң көңіл-күйі түсіп, үзілісте такси ұстап кетіп қалды (видео)

Андрей Аршавин “Астана” қақпасына супергол соқты (видео)

Талқылау