Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан FIFA рейтингінің алғашқы жүздігіне оралды

Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер құрамасы Халықаралық футбол ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингінде алғашқы жүздікке оралды.

1865072

Қазақстан алдыңғы мамыр айында жарияланған рейтингпен салыстырғанда төрт қатарға (104-орыннан 100-орынға) көтерілді, деп жазады Sputnik.

Бұл ретте осы мерзімде команда бірде-бір ойын өткізген жоқ.  Сәуір айында Қазақстан құрамасы қатарынан екі жеңілістен кейін 2016 жылғы тамыздан алғаш рет рейтингтің алғашқы жүздігінен шығып қалды.  Қазақстан құрамасының рейтингтегі үздік көрсеткіші 2016 жылғы қарашадағы 97-орын болған. Рейтингті бастап тұрған Бразилия құрамасы, екінші орынға Аргентина көтерілді, үшінші орында Германия келеді.  Посткеңестік кеңістік құрамалары арасында үздік көрсеткіш – 37-орында қалған Украина құрамасында.

Тағы да оқыңыз:

Қақпашы екі гол жіберіп алған соң көңіл-күйі түсіп, үзілісте такси ұстап кетіп қалды (видео)

Андрей Аршавин “Астана” қақпасына супергол соқты (видео)

Роналду 6 жасар ұлының айып соққысынан салған керемет голын көрсетті (видео)

Талқылау