Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы мен Монако князі велосипедпен ЭКСПО аумағын аралады (фото)

Қазақстан президенті Монако Князі ІІ Альбермен бірге Монако Княздігінің ұлттық павильонын аралап көрді.

2600826
Нұрсұлтан Назарбаевқа Монаконың ұлттық павильонында  энергетикалық тұрғыда “жасыл экономикаға” өтудің проблемаларына арналған экспозициялар және Княздікте қолданылатын үздік тәжірибелер көрсетілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

131c63699ab98e5899ab0e97bf777672

Мемлекет басшысы “Болашақтың бейнесі” атты инсталляциямен, Монаконың аумағын кеңейту жөніндегі жобаның макетімен, “Жасыл зертхана” секциясымен және күн энергиясымен жүретін велосипед сияқты басқа да экспозициялармен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Монако Княздігі ұлттық павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, ІІ Альберге Қазақстанның “Нұр Әлем” ұлттық павильонын көрсетті. Онда екі елдің көшбасшылары уранды жерасты ұңғымалы тазарту әдісін, “Токамак” термоядролық реакторының интерактивті макетін және Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған басқа да экспозицияларды көрді.

a1dc6280f6002ae08380ae51750c3551

Онда 2025 жылға қарай теңіздің 6 гектарында құрылыс жүргізу арқылы Княздік аумағын кеңейту жөніндегі шешімдерге арналған экспозициялар, экологиялық орнықтылық пен экологиялық мобильділік саласындағы жобалар қойылған.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев электрокар көлігін жүргізді (видео)

Қазақстанға 1500 жыл бұрын жасалған домбыра қайтарылды

Алматы облысында полицей көлігіне дәрет сындырды деп күдіктелген жігіт ұсталды

Америкалықтар Димаштың «Сәлем» әніне фан-клип түсірді (видео)

Головкин: Менің спорттан кететінім жайлы әйелімнен сұраңыздар

Талқылау