Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Қарағандыда апатты жағдайға қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көп пәтерлі үйдің кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

akorda basapa

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда қираған үйдің астында қаза тапқандардың жақындарына 1 миллион теңгеден берілетін болды

Қарағанды облысында қираған үйдің астынан екі адам аман-сау шығарылды

Қазақстанда үйдің қирауы кезінде қаза болғандардың есімі аталды

Қарағандыда қираған үйдің астында анасы алты айлық сәбиімен бірге қалып көз жұмды (фото)

Талқылау