Елбасы Димашпен кездесіп, өз батасын берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өз батасын берді.

20170425214740

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына сәл кешігіп қалды. “Димаш Құдайберген деген баламызды қабылдап, батамды беріп, кешігіп қалдым сіздерге”, — деді Мемлекет басшысы.

“Батамды бергенмен бірге, қазақ деген халық өте жақсы көргеннен құшағына қысып, өлтіріп жіберуі мүмкін. Содан байқа дедім”, — деп күлді Назарбаев.

Еске салсақ, Димаш Қытай елінде өткен “I am a singer” халықаралық ән байқауында екінші орын алып, күллі әлемді өнерімен дүр сілкінтті. Осы байқаудағы жеңісінен кейін ол алғаш рет Астанаға аяқ басты. Әншінің жанкүйерлері оған ерекше құрмет көрсетіп, әрі қарай “Әлем таныған Димаш” концерті болды.

Оқи отырыңыз:

Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар