Ел тұрғындары жылуға 10 миллиард теңге қарыз

Елде жаңа жылыту маусымы басталғанда, отандастарымыз өткен жылдың жылуы үшін әлі 10 миллиард теңге берешек. Қомақты ақшаның алты миллиарды Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына тиесілі, деп хабарлады КТК арнасы.

Қалған 4 млрд теңге басқа өңірлердің қарызы. Мамандар тұрғындардың жылыту маусымы бітісімен арқаны кеңге салып, шот төлеуді созатынын айтады. Жаз бойы жиналып қалған қарызды азаматтар қыс тірелгенде ғана жабатын көрінеді. Халықтың қордаланған ұарызына қарамастан тиісті мекемелер пәтерлерге жылу берін тоқтатпаған. Ал шенеуніктер биылғы қыстан қысылмай шығарларына сенімді.

«Жылу беру маусымы басталды. Әлеуметтік объектілерге  яғни аурухана, мектеп пен балабақшаларға жылу беріліп жатыр. Ел бойынша  тұрғын үйлердің  80 пайызына жылу берілген», – дейді ҚР Энергетика министрлігінің комитет төрағасы Сұнғат Есімханов.

Жіберіп алмаңыз:

Доллар тағы да қымбаттады

Елімізде бензин бағасы қашан тұрақталатыны белгілі болды

Бүгіннен бастап 2006 жылғы қағаз ақшалар айналымнан шықты

Алматы маңында құлаған ұшақ жарты жыл бұрын толық жөндеуден өткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар