Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бензин бағасы қашан тұрақталатыны белгілі болды

Энергетика министрлігі бензин бағасы қашан тұрақталатынын хабарлады.

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

АИ-92 бензинінің бағасы жыл соңына қарай тұрақталады, деп хабарлады энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

“АИ-92  бензині бойынша импорт үлесін қарашада 30%-ға және желтоқсанда 20%-ға қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қазан айының соңында жағдай қалыпты болып, қараша, желтоқсанда бензин бағасы тұрақталады деген ойдамыз”, — деді Бозымбаев үкімет отырысында.

Бұл ретте премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бензин бағасы қалай болатынын сұрады.

“Сіз қараша, желтоқсанда 20 %-ға дейін импортты қысқартамыз дедіңіз. Солай ма? Ал бензин бағасы төмендей ме?”, — деп сұрады Сағынтаев.

“Баға тұрақталады”, — деп жауап берді министр.

“Егер импорт қысқарса, бағасы да арзандауы тиіс қой?”, — деп тағы сұрады үкімет басшысы.

“Бәрі осы 20%-дың бағасы Ресейде қалай болатынына байланысты. Еге қазіргідей тоннасы 560 доллар деңгейінден болса, онда ішкі нарықта бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Егер баға көтерілсе, осы жиырма пайыз да ықпал етеді”, — деді Бозымбаев.

Сағынтаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке монополияға қарсы қызметтердің жағдайға мониторинг жасап отыруын тапсырды.

Министрдің ақпараты бойынша республика бойынша АИ-92 бензинінің орташа бағасы қаңтарда литрі 135 теңге болды, қыркүйекте оның бағасы 150 теңгеге дейін өсті. АИ-92 бензині бойынша импорт үлесі шілде айында 15% болса, қыркүйекте 30%-ға жетті. Бұл еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттардағы жөндеу жұмыстарына байланысты, салдарынан ресейлік қымбат бензин ішкі нарықта оның қымбаттауына әкеп соқты.

Қанат Бозымбаевтың атап өтуінше, мұнай өңдеу зауыттарының қуаты жаңғыртылғаннан кейін АИ-92 бензинін өндіру 2,2 есеге, АИ-95 пен 98 бензиндері 9 және 6 есеге, дизель отыны 30 пайызға, авиаотын 3 есеге артатын болады.

Тағы да оқыңыз:

Білім министрі: Оқулықтағы жалған ақпаратқа қатысты полицияға шағым түсіреміз

Павлодарда полиция капитаны майордың өзін ұрып-соғып, балағаттап кеткенін айтты

АҚШ-та сайқымазақ бетпердесін киіп адам өлтірген қылмыскер 27 жылдан соң ұсталды

Талқылау