Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда желі арқылы өз-өзіне қол жұмсауды үйрететін топтар бұғатталды

Екібастұз прокуратурасы БАҚ және Интернет-сайттарға мониторинг жүргізу барысында ВКонтакте, My mail және Facebook желілерінде суицидті насихаттайтын  топтарды анықтады.

z73ba4JKN9s (1)

Сурет: vk.com 

ВКонтакте, My mail және Facebook әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында балалар арасында өз-өзіне қол жұмсауын насихаттайтын, өмір сүруге деген құлшынысын төмендетіп, өзіне қол салуға дейін жеткізетін 13 топ анықталды. Бұл топтың қатысушылары суицид жасау тәсілдерін айтады және мұндай актілерді бірлесіп орындау үшін әріптестер іздейді. Жазылушылар күре тамырын кескен, биіктен секірген жасөспірімдердің суреттерін орналастыратын альбомдар жасайды», – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінде.

Екібастұз прокуратурасының бастамасымен облыс прокуратурасымен келісім бойынша ҚР аумағындағы құзыретті органдар аталған сайттарды бұғаттады.

«Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, олардың өсуіне жол бермеу мақсатында жедел топтар құрылды. Бұл ретте әр топқа жалпы білім беру мектептері бекітілді, онда покуратура қызметкерлері дәріс оқиды», – деп түсіндірді прокуратурадан.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда өрт сөндіруші ер адамды суицидтен арашалап қалды

Науруда  құлдыққа тыйым салып, гомосексуалдық пен суицидке рұқсат берілді

Пранкерлер астаналықтардың суицид жасағалы жатқан адамға қаншалықты көмектесетінін тексерді (видео)

Талқылау