Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі құрбы қыз таныс әйелдің денесін бөлшектеп тастаған

Алматы соты қызды тұншықтырып, оның денесін бөлшектеп тастаған қанішерлерге үкім шығарды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

орп

Сурет nashreporter.com

Олар енді 16 жылды түрмеде өткізеді. Оларды танып, біле тұра полицияға хабар бермеген адам да екі жыл арқалады.

Екі құрбы қыз жақын таныс әйелмен ұрысып, сөзге келіп қалған. Тергеу бойынша, ауызша ұрыстан кейін қылмыскер қорқытып, танысын тұншықтырған. Олар өз істерін жасыру үшін, денені бөлшектеп, қала сыртына апарып тастаған. Қыз денесінің бөліктерін арнайы жедел топ тауып алды.

Талқылау