Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі баланың анасы жігіті көзіне шөп салғаннан кейін қуыршаққа айналу үшін 12 мың доллар жұмсаған (фото)

Манчестер қаласының 31 жастағы тұрғыны бұл тек өзгерістің бастамасы дейді. Синди Мур секс қуыршаққа ұқсау үшін 12 мың АҚШ долларынан аса ақша жұмсады. Ол өзіне жасанды кеуде жасатып, шаш жалғап, үш ай сайын ернін ұлғайтып тұрады, деп хабарлайды New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Әйел екі баласының әкесі мен күйеу жігіті көзіне шөп салғаннан кейін осындай қадамға барған. Ол екі баласын дүниеге әкелгеннен кейін артық салмақ қосқан. Алайда сүіктілерінің сатқындығынан кейін өзгеруді ұйғарыпты. Синди ауыр емдәмді ұстанып, аптасына жеті күн бойы жаттығу залына барып жаттыққан. Нәтижесінде 30 келі салмақ тастайды. Алайда оған бұл жеткіліксіз көрінеді.

«Бірінші күйеуімді жолықтырғанымда мен 19 жаста едім. Менің келбетім тартымды еді. Бірақ екі баламды дүниеге әкелгеннен кейін 45 келі салмақ қосып, өзіме қарауды қойдым», – дейді Синди Мур.

Сондай-ақ, Синди өзінің интимді фотосуреттерін Интернеттің көмегімен сату арқылы ақша табады екен.

«6 жасар қызым мен барлығын аяқтағаннан кейін қуыршаққа ұқсайтынымды айтты. Оған да қатты ұнайды. 8 жастағы ұлым да менің боянғанымды ұнатады», – дейді Мур.

Оқи отырыңыз:

Италияда балықшы салмағы 130 келі болатын алып балықты ұстап алды (фото)

Антарктидада пингвиндер фотокамера тауып алып, селфи жасаған (видео)

Жағажайдан табылған «құбыжық балық» жұртты шошытты (фото)

Бақытты болашақ үшін кемшіліктерінен арылып, адам танымастай өзгерген жандар (фото)

Талқылау