Екеуі мені жеп қояды: Қайрат Нұртас анасы мен жұбайының қарым-қатынасы жайлы айтты

Гүлзира ханымды Қайрат Нұрастың анасы, шоу-бизнестегі пысық продюсер ретінде жақсы білеміз. Ал, ол отбасында қандай ене? Айдарбекованың ұлдары мен келіндеріне қояр қатаң талаптары қандай?! Көпшілік көкейіндегі сансыз сауалдарға Жұлдыз Әбдікәрімова жауап береді.

Жұлдыз Әбдікәрімова - Гүлзира Айдарбекова

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Құшақ-құшақ гүлдер, ағыл-тегіл ақ тілек, бұрын-соңды ашылмаған сырлар! Жанұясын жанына жиып, шоу-бизнестің бар жақсысының басын қосқан Айдарбекова, ел алдында елу жылдық мерейтойын өткізді. Продюсер меншікті мерекесін «Гүлзира ханшайым 25+25!» деп атапты.

Бұл күні Қайрат пен жұбайы балаларын бас қалаға қалдырып, Алматыға өздері ғана арнайы жетіпті. Осы уақытқа дейін, отбасылық жиын-тойда көпшілік көзіне көрінбей келген Жұлдыз, бұл жолы белсенді түрде қызмет етіп жүр…

«Тойда қандай қызмет атқаруға мүмкіндік бар. Соның бәрін біз істеуге тырысып жатырмыз», – дейді Жұлдыз.

10 жылдан астам ене мен келіннің сыйластығын сырттай бағамдап жүрген Қайрат, олардың өзара қарым-қатынасын әркез оң бағалаймын дейді!

«Ой, өздері күшті бұлар. Жақсы сырласады. Кей кезде екеуі мені жеп қояды. Жұлдыз енді біздің үйге келін емес, өздерінің қыздары секілді. Себебі менің қарындасым болмаған. Сондықтан мамам екеуінің арасындағы әңгімесі жарасымды», – дейді Қайрат.

Ал, елуді еңсерген жұлдызды ененің, ұлдары мен келіндеріне қояр жалғыз ғана талабы бар!

«Менің көзімше ешуақытта ұрыспаңдар. Ұрысатын болсаңдар, жатын бөлмеге барып өздерің ұрысыңдар деп айтамын. Сондықтан, да ең бірінші сыйластық пен адамгершілікті қатты талап етемін», – дейді Айдарбекова.

Айдарбекова адамгершілікті биік қойғанымен, продюсердің ту сыртынан тон пішіп, кереғар пікір білдіретіндер баршылық екен. Ал, көпшілік көкейіндегі кей күдікті сейілтуге, келіні Жұлдыздың мына жауабы себеп болмақ…

«Қатал, түрі суық екен деп… Оның бәрі сырт келбет, сырт көз! Әрбір адам өзінің ойын айтуға құқылы, әрине. Бірақ та оны келіні ретінде мен ғана білемін. Оның қандай адам екенін. Мен үшін енем туған анамдай», – дейді Жұлдыз.

Енесі 50-ге толған түні, Жұлдыздың да туған күні! Қайраттың төрт баласының анасы, 30 жасқа келді.

Оқи отырыңыз: 

Асхат Тарғынның келіншегі: Қызғануға уақытым жоқ

Жар ізде: Аңғарымпаз жанкүйерлер Тәуекел Мүсілімнің жейдесінен дақ тауып алды

Әнші Бүркіт ұлт зиялысы Шахановты тірі кезінде бағалауға шақырды

Сиви Махмуди мен Айдарбек Рысбек шетелде тағы бір бейнебаян түсірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар