Джонни Депптің атышулы әйелі лесби болып шықты

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 10:38

Танымал актер Джонни Депптің экс сүйіктісі осы уақытқа дейін әйел адаммен көңіл жарастырған болып шықты. Олар тіпті біржынысты некелерін заңдастырып үлгерген.

GettyImages-487016136

2008 жылдың наурыз айында Калифорнияда бойжеткен суретші Тасей Ван Римен көңіл жарастырады. Ол кезде Херд өзінің есімін Эмбер Ван Ри деп өзгерткен.

Арада үш жыл өткен соң Нью-Йоркте біржынысты некелерді заңдастыруға рұқсат береді. Осылайша олар  дүркіретіп той өткізеді. Алайда екі жылдан кейін ажырасып кетеді. Бұдан кейін бойжеткендер жақсы қарым-қатынаста болса да, Херд өз тегін қайтарады.

Актриса Джонни Деппен ажыраспақ болып сотқа шағымданады. Сол жерде оның өзін ұрып-соққанын айтады. Соңғы рет iPhone телефонымен ұрғанып айтып, беті көгерген суреттерді көрсетеді.

Джонни Депптің бұрынғы әйелі Ванесса Паради мен қызы Лили Роуз сотта оны қорғап сөйлеген. Олар бірауыздан актердің әйел адамға қол көтермейтіндігін айтқан.

tasiaamber

Daily Mirror журналистері Джоннидің Хердке қол көтеруіне актрисаның Тасей Ван Римен қайтадан көңіл жарастыруы әсер еткеніне сенімді.

Джонни Депп пен Эмбер Херд 2011 жылы “Тәтті күнделік” атты фильмнің түсірілім алаңында танысқан. Ол уақытта Депп Ванесса Парадимен көңіл жарастырып жүрген болатын. Артынша актриса Хердке ғашық болып, заңды түрде ажырасады.

2015 жылдың 3 ақпанында Лос-Анджелес қаласында үйленіп, бірнеше күннен кейін тойларын жақын достарының арасында атап өтеді.


Жіберіп алмаңыз:

Джонни Депптің әйелі 10 жылға түрмеге отыру жазасынан құтылып кетті

Джонни Депптің әйелі алимент пен ажырасуға сотқа арыз берді

Джонни Депп Эмбер Хердпен ажырасуға байланысты пікірін білдірді

Джонни Депп қызының 24 жастағы жігітімен жүруіне қарсы

Эмбер Херд өзін Джонни Депптің ұрғанын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар