Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джонни Депп Эмбер Хердпен ажырасуға байланысты пікірін білдірді

Америка актеры Джонни Депп әйелі екеуіне қатысты қызу талқыланып жатқан әңгімеге пікір білдірді. Ол туралы ресми пікірді 52 жастағы киножұлдыздың өкілі берді.

rexfeatures_3562663ar (1)

Сурет: viva.ua 

«Джонни анасының жақын уақытта өмірден озғанын есепке ала отырып, өзі туралы айтылып жатқан қаңқу әңгімелерге, жалған ақпараттарға, жеке өміріне қатысты пікір білдірмейтінін айтады. Ол өзінің аз ғана уақытқа құрылған некесіне қатысты да даудың тезірек шешілгенін қалайды», – делінген хабарламада.

23 мамыр күні актердың 30 жастағы әйелі Херд Деппен ажырасуға сотқа арыз бергені белгілі болды. Актриса арызды күйеуінің 83 жастағы анасы қайтыс болғаннан кейін 3 күннен соң берген.

Депп әйелінің 22 сәуірде өткен мерейтойына да келмеген екен.

Жұлдызды жұп 2015 жылдың ақпан айында үйленген. Олардың тойы Лос-Анжелесте болған. Калифорния штатының заңына сәйкес, әйелі күйеуінің жарты байлығын иемденуге болады.

Джонни Депп бұрынғы әйелі Ванесса Парадимен 14 жыл бірге тұрып, 2012 жылы Хердке кеткен еді. Ол актрисамен 2011 жылы түсірілім кезінде танысқан.

Жіберіп алмаңыз:

Джонни Депптің әйелі 10 жылға түрмеге отыру жазасынан құтылып кетті

Джонни Депп қызының 24 жастағы жігітімен жүруіне қарсы

Талқылау