Эмбер Херд өзін Джонни Депптің ұрғанын айтты

Сенбі, 28 Мамыр , 2016 10:29

Голливудтік актриса Эмбер Херд жолдасы Джонни Дептті өзін ұрып-соққаны үшін айыптады.

GettyImages-487016136

Бұл туралы TMZ хабарлайды.

Херд пен оның қорғаушысы Саманта Спектор сотта актрисаның бет-аузы көгерген суретті көрсетті. Актрисаның сөзіне сенсек, Джонни Депп оны iPhone телефонымен ұрған. Мұнымен қатар, ол осы жағдайдан кейін актердің өзіне ақша ұсынып, ешкімге тіс жармауын өтінгенін айтты. Десе де, Херд ол ақшадан бас тартып, ажырасуға арыз жазған.

Сот Джонни Деппке Хердке 90 метрден артық жақындауға тыйым салды. Актрисаға маусым айында болатын сотқа дейін күзетші тағайындады.

Осы уақытқа дейін қос жұлдыздың ажырасуға шешім қабылдағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Херд жолдасынан алимент төлеуді талап еткен. Олар 2015 жылдан бастап бірге тұрса да, заңды түрде некелеспеген.


Жіберіп алмаңыз:

Джонни Депптің әйелі 10 жылға түрмеге отыру жазасынан құтылып кетті

Джонни Депптің әйелі алимент пен ажырасуға сотқа арыз берді

Джонни Депп Эмбер Хердпен ажырасуға байланысты пікірін білдірді

Джонни Депп қызының 24 жастағы жігітімен жүруіне қарсы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
7 ай 19 күні кері

Тася Ван Ри жайлы қосып жазсаңдар, Эмбер Херд пен Джонни Депп туралы материалдарды оқитын оқырмандарыңыз анағұрлым көп болады https://www.instagram.com/tasyavanree/

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар