Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джек Ма Alibaba компаниясын құру өміріндегі басты қателік болғанын айтты

Alibaba интернет компаниясының негізін қалаушы Джек Ма ПХЭФ-те сөйлеген сөзінде аталған компанияны құру өміріндегі басты қателігі болғанын айтты.

jack_ma_01

Сурет trinixy.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

«Мен Alibaba-ны құрғанда, шағын ғана бизнес болады деп ойлағам. Ал қазір құдды президент секілді бос уақытым жоқ», – дейді Ма.

Кәсіпкер басшылық қызметте көп тұрақтамайтынын алға тарта келе жұмысынан кеткен соң қоршаған ортаға көңіл бөлетінін жеткізді.

«Ендігі өмірімде, егер ол болса, ешқашан бизнеспен шұғылданбаймын. Өз ісіммен айналысып, өмірден ләззат алатын едім», – деді компания басшысы. Джек Ма Alibaba-ны 1999 жылы құрған. Бүгінде ол Yahoo, Amazon, eBay, AOL секілді танымал компаниялармен қатар тұр.

Оқи отырыңыз:

Alibaba директоры кәсіпкерлер үшін Қазақстан арқылы өтетін электронды жол салуды ұсынды

Азияның ең бай адамына қазақ шапаны тарту етілді

 

Талқылау