Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Alibaba директоры кәсіпкерлер үшін Қазақстан арқылы өтетін электронды жол салуды ұсынды

Қытайлық Alibaba Group басшысы Джек Ма кәсіпкерлер үшін Азия, Европа, АҚШ-ты еркін жалғайтын электронды жол салу идеясын ұсынды.

смсм

Сурет vlast.kz

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды

Танымал бизнесмен бұл ойын Астанадағы экономикалық форум барысында жеткізген. Джек Ма бұл сөзіне мысал ретінде өз уақытында Қытай мен Европа арасын жалғаған “Жібек жолын” келтірген.

“Осы электронды жолдың арқасында кез-келген шағын бизнес тегін жүріп, өз бизнесін тегін тарата алар еді. Бұл жола ұялы телефоны бар адамның бәрі не нәрсені сатып немесе сатып ала алады”, – деп айтты Ма.

Alibaba Group негізін салушысының айтуынша, соңғы 20 жылдағы жаһандану дамушы елдердегі шағын бизнеске еш пайда әкелмеген. Электронды коммерция бағытында сауда жасайтын Alibaba компаниясын Джек Ма 1999 жылы құрды. Forbes журналының мұқабасына суреті басылған алғашқы Қытайлық азамат. 2014 жылдағы жағдайы бойынша оның байлығын Bloomberg компаниясы 32,7 миллиард доллар деп бағалаған. Қытайдағы нөмірі бірінші, ал әлем бойынша 18-ші орында тұрған бай. Осы жылдың сәуір айында ол Азия құрлығындағы ең бай адам деп танылды.

Бұған дейін Азияның ең бай адамына қазақ шапаны тарту етілгенін жазған едік.

Талқылау