Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Кэмеронның орнына кімнің премьер-министр болатыны анықталды

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон осыған дейін күзде отставкаға кететін болған еді.

a7e749742cbadfb857cbdc5c98117869_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бірақ, ол таяуда ғана мәлімдеме жасап, 13 шілде күні креслосын босататынын айтты, деп хабарлайды BBC. Кэмеронның мәлімдеуінше, оның орнын қазіргі ішкі істер министрі Тереза Мэй басып, британ үкіметін әйел адам басқаратын болады.

«Бұл өте күшті және ел басқаруға лайықты әйел. Британияға осындай адам керек. Сол себепті мен оны қолдаймын», – деді Кэмерон.  Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін премьер-министр лауазымы үшін Мэймен таласқан Ұлыбритания энергетика министрінің орынбасары Андреа Лидсом бұл қызмет үшін әрі қарай күреспейтінін айтты. Сөйтіп, енді Тереза Мэй премьерлікке ұмтылған жалғыз үміткер болып қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Дэвид Кэмерон әйеліне ескі Nissan көлігін алып берді

Микрофоны қосулы қалған Кэмерон «жемқорлық ең көп жайлаған елдерді» атап қалды (видео)

Талқылау