Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Боуидің денесі Нью-Йоркте құпия түрде өртелген

«Көпшілікке жарияламай, ешқандай атышулы қоштасу рәсімін жасамай тыныш қана өткізді», – дейді Нью-Йорктің журналистері. Осылай болуын Дэвид Боуидің өзі тірі кезінде талап текен екен.

xw_1198591

Бұл туралы The Daily Mirror хабарлайды.

Денені өртеп, күлін суға ағызу рәсіміне музыканттың жақындары да, достары да қатыспаған.

Композитор, әнші, актер әрі суретші Дэвид Боуи 10 қаңтар күні 69жасында ауыр дерттен көз жұмған еді. Қайғылы жағдай әртістің туған күнін атап өткеніне екі күн өткенде болған. Оның ең соңғы естелігі  Blackstar альбомының жарыққа шықанына да көп болған жоқ еді.

Бұған дейін, әншінің жазылмас дертпен бірнеше жыл қатарынан ауырғанын айтқан едік. Әріптесі оның ауруының сыр болып келгені жайлы көпшілікке құпия жайттармен бөліскен еді.

Талқылау