Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты айтқан атышулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Алмазбек Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде сайлаудан кейін «қыран» болып көрінгісі келетін Орталық Азиядағы «ақсақ үйрек». Саяси тұрғыдан қарағанда мұндай әрекеттер сайлау алдындағы ғана емес, өзге екі жағдайға байланысты болуы мүмкін. Біріншіден, орталық-азиаттық патриарх дәуірі өтіп бара жатыр. Бішкек Өзбекстаннан кейін Қазақстанды күтіп отыр. Арыстан әлсірегенде оны «ақсақ үйректер» де шоқи береді. Екіншіден, аймақта «үлкен ағалары» күтіп отырмағанын баса айтқысы келедіә, – деп жазады Досым Сәтпаев желідегі парақшасында.

Осыған байланысты мұны сайлау алдындағы әрекет деп қана түсінуге болмайды. Екі ел арасындағы реніш көптен бере басталған. Мәселен, Қырғызстан президенттік сайлауға дейін де Астанға шағымын айтқан. Олардың айтуынша, қазақстандық тарап Қырғыз өнімін Еуразиялық экономикалық одағына кіруіне қолдан кедергілер жасаған. Осы сәттен бастап сенімсіздік күйшейді. Тіпті оған Қазақстан бөлген 100 млн доллар да себеп болмады. ЕЭО-та Бішкек Мәскеуге жақындай түсті.

Атамбаевтан кейін кім билікке келсе де, оған Астанамен, Мәскеумен бірлесіп жұмыс істеп қана қоймай, болашақ премьер-министрмен билікті бөлісуге тура келеді. Осы себепті Ақорданы кандидаттардан гөрі прмьердің кім болатыны қызықтыруы керек. Сайлаудан кейін де бізді тосынсыйлар күтіп тұруы ғажап емес. Өйткені, Атамбаев саяси сахнадан қазір кетейін деп тұрған жоқ», – дейді Досым Сәтпаев.

Тағы да оқыңыз:

Дүйсенова Қырғыз президентінің “Қазақстанда зейнетақы аз” дегеніне қатысты пікір білдірді

Министр қазақстандықтардың қанша сағат жұмыс істеуі керек екенін айтты

Ұшақта қаза тапқан дәрігерлер баруы тиіс болған 6 баланың анасы көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар