Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта қаза тапқан дәрігерлер баруы тиіс болған 6 баланың анасы көз жұмды

Шымкент облыстық ауруханасында алты баланың анасы, әуе апатында қаза тапқан дәрігерлердің жәрдеміне мұқтаж болған науқас әйел көз жұмды.

Науқастың диагонзы – гепатиттің екі түрі, сепсис, көптеген орган қызметінің жетіспеушілігі болып, операция жасалған. Әйел адам ми ісігімен комада жатқан болатын, деп хабарлайды жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цой Sputnik Қазақстан агенттігіне.

“2 қазанда аса ауыр хәлде ауруханаға түскен. 8 қазанда сағат 10:30 кезінде көз жұмды. Акушерлік және гинекология ғылыми орталығының акушер-гинекологы қараған. Хәлі төмендеп кетккелі бері үш күн бойы қасында дәрігер болды – Кардилогия ғылыми-зерттеу институтынан келген, яғни мамандар қасында болды”, — дейді дәрігер.

3 қазанда Ан-28 санавиация ұшағы Алматы түбінде апатқа ұшырады. Ұшақ Шымкентке науқас әйел мен сәбиіне жәрдем көрсету үшін бара жатқан. Бортта бес адам болып, бір де бірі аман қалған жоқ.

Науқас әйел алтыншы сәбиін Шымкент ауруханасына түсер алдында дүниеге әкелген. Дәріргерлердің айтуынша, баласының дені сау, Түркістанда туыстарының үйінде.

Тағы да оқыңыз:

Күйеуі көзіне шөп салған әйелі мен көңілдесін төсекте ұстап алып аяусыз сабады (видео+18)

Даниал Ахметов: Бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керек

Дүйсенова Қырғыз президентінің “Қазақстанда зейнетақы аз” дегеніне қатысты пікір білдірді

Талқылау